Соңғы жаңалықтар

Ауыл жастары тұрақты жұмыспен қамтылуда

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде бүгінгі таңда 116 адам жұмыссыздар қатарына тіркелген.

Жыртыжылдықтың қорытындысы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша 6 азамат жастар практикасымен жұмысқа тартылды. Сондай-ақ 74 адам қоғамдық ақылы жұмысқа орналастырылып, 58 мың теңге жалақы алып отыр. Осы 74 азаматтың ішінде 54 азаматы атаулы әлеуметтік көмек алса, 3 азамат 3-ші топтағы мүгедек, 2 пробацияда тіркеудегі азамат, 29 жасқа дейінгі 3 азамат бар. Нәтижесінде жұмыссыз қалған азаматтардың 70 пайызы жұмыспен қамтылып отыр.

«Қызыләскер дәрігерлік емханасының құрылыс жұмыстарына ауылдың 25 тұрғыны жұмыс істеуде. Сонымен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына да осы ауылдың азаматтары жұмыспен қамтылған»,-дейді Ақтөбе ауылдық округі әкімдігі аппаратының статисті Жарқынбек Алданов.

Сонымен қатар, тамыз айының ішінде Бозсу елді мекеніне ауыз су жүйесі жүргізіледі. Осы жұмыстарға мердігер мекемемен жұмыспен қамту орталығы арасындағы келісім бойынша ауылдың 30 азаматы жұмысқа тартылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН «FARABI OFFLINE: ПАРАҚTIMES» КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 18 МЕКЕМЕНІҢ КІТАПТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Bastynews

Дариға Бадықова еңбек сіңірген қайраткер атағын сұрады

Bastynews

Әйеліне ұрысқан Төреғалиді балалары орнына қойды (видео)

Bastynews

Пікір қалдыру