Санатталмаған

Баға көтерілгенін байқасаңыз тиісті орынға хабарласыңыз

AzatMedia.kz. Түркістан облысында азық-түлік тауарларының шекті бағасы белгіленіп, бақылауға алынған.

Мәселен, бірініші сотты бидай ұны – 169 теңге, бірініші сортты ұннан жасалған бидай наны – 155 теңге, күріш 216 теңге, сиыр еті – 1910 теңге, тауық жұмыртқасы – 28 теңге, күнбағыс майы – 434 теңге, ас тұзы – 49 теңге, қарақұмық жармасы 327 теңге болып белгіленген. Базар нарқындағы тауардың құны осы белгіленген бағадан асып кетпеуін қадағалау үшін мамандар сауда орындарына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлімдеді.
Мамандар тұрғындарды азық-түлік құнының қымбаттауын болдырмау шараларына атсалысуға шақырады.

Аталған тауарлардың белгіленген шекті бағадан қымбатқа саудаланып жатқанын кездестірген азамат тиісті орынға хабарласуына болады. Ол үшін бар болғаны www.dosmart.kz сайтына немесе https://t.me/consumerprotectionKZ телеграмм арнасына кіріп, қажетті ақпарат (дүкен атауы, тауар және сату бағасы, аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз) беру керек. Сондай-ақ, жергілікті әкімдікке тікелей хабарласып та мән-жайды жеткізуге болады.

Айта кетейік, азық-түлік бағасының көтерілмеуіне байланысты мұндай жұмыстар ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі бірлесе шығарған бұйрық негізінде атқарылуда. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу» туралы бұйрықта Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары енгізілсін делінген. Сондай-ақ, бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелетіні көрсетілген.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру