Санатталмаған

КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР БЛОК-БЕКЕТТЕРДІ ТЕГІН ҮШ МЕЗГІЛ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУДА

Түркістан облысы Келес ауданының тумасы жеке кәсіпкер Данияр Қалымбетов елімізде төтенше жағдай басталғалы бірнеше аудандағы блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілікте тұрған мамандарды тегін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр, деп мәлімдейді – Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жеке бизнесі Қарағанды қаласында шоғырланғанына қарамастан, елдегі жағдайды сырттан бақылап отыра бермей, қиын кезде жұртқа жәрдем беруді азаматтық парызы санаған кәсіпкер туған өңірге қашықтықтан ұйымдастырып көмегін көрсетіп отыр. «Біз біргеміз» акциясы аясында сәуір айының 5-нен бастап үш бірдей Жетісай, Шардара, Төлеби аудандарында өз мамандарымен блок-бекеттерде аянбай ақысыз өз қызметтерін көрсетуде.
«Төле би мен Жетісай аудандарындағы блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілікте тұрған мамандарды тегін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырмыз: олар Жетісайда 30-ға жуық блок-бекет мамандары, Төле би ауданында аралығы 25 шақырым болатын 5 блок-бекетте 60-қа шақты мамандар. Қажетті шығындарды: азық-түліктерді, көліктер мен жанармайды, жұмысшылардың жеке сақтану керек-жарағын, антисептиктерді өз тарапымыздан алдық. Екі сағаттық қашықтықтағы блок-бекеттерге тамақ арнайы термобокстармен ыстықтай күйінде жеткізілуде.
Бұдан бөлек, Шардарада карантинге алынған медицина қызметкерлерін жергілікті демеушілер алып келген азық-түлік есебінен асхана блогын ұйымдастырып, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтудамыз. Асхана жұмысшылары жеке сақтану керек-жарағымен және антисептиктермен жарақтандырылған. Осындай елге ауыртпашылық түскен кезде ел азаматтары аянбай еліне, жұртына жәрдем беруі керек деп ойлаймын», – деді кәсіпкер.
Айта кетерлігі, Данияр Қалымбетов басқаратын ұжым мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Түркістан облысының 20 мектеп-интернатының асханаларын жаңғырту жəне пайдалану келісім шартымен жұмыс істеуде.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру