Санатталмаған

БІРҚАТАР БАСШЫЛАРДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУДЫ КҮШЕЙТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойыншадепартаменті сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынуларды онлайн форматта қарау тәжірибесін жалғастыруда (ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде).

Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы А.Жұмағали мен Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетовтың қатысуымен жиын өтті.  

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша бірқатар ұсынулар қаралды.

Кездесу барысында А.Жұмағали төтенше жағдай кезіндегі Департаменттің жұмысына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

«Жемқорлықты анықтауға және оның себептерін жоюға бағытталған алдын алу шараларын жасақтап, дайындау біздің ортақ міндетіміз.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері болып табылатын кейбір фактілер орын алуда.

Сондықтан да, осы отырыстың басты мақсаты, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, олардың алдын алу болып табылады» – деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті басшысының орынбасары Б.Узынжас қылмыстық істердің мән-жайлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша нақты ұсыныстар енгізе отырып баяндама жасады.

Өз кезегінде қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі туралы заңнама нормаларын түсіндірді.

Ұсынуларды қарау барысында полиция қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне ықпал ету себептері мен жағдайлары егжей-тегжейлі қаралды.

Онлайн шара қорытындысы бойынша Шымкент қаласының полиция басшылығына бірқатар басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері 6 полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 1 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру