Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

AzatMedia.kz хабарлайды.

Ел Президенті Қ.Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді. Қазіргі еліміздің қиын қыстау заманында бұл үндеудің мәні ерекше болып отыр.

Бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус індетін алдын-алу үшін және ұлт денсаулығы үшін волонтер жастар бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар жасап келеді. Соның бірі бүгін қаламыздың ерікті жастары ел үшін қызметтегі азаматтарға, соның ішінде Бадам блок-бекетінде тұрған полиция және медицина қызметіндегі адамдарға тамақ таратты. Игі шара қалалық Жастар ресурстық орталығы “Hadya” кафесінің демеушілігімен ұйымдастырылды.​​​​

Шымкентте коронавирус індетіне қарсы белсенді күрес жүргізілгендігі баршамызға мәлім. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 13 блок-бекеттер орнатылған. Соның бірі Ақжар блок-бекетінде Полиция және медицина қызметкерлері тәуліктік режимде жұмыс істеуде. Бұл еліміз үшін үлкен көмек.

​​​​​​​​​​​​Бүгінгі «Hadya” кафесінің ұжымы ұйымдастырған игі шара осы азаматтарға деген алғысының көрінісі. Кафе қызметкерлері қиын кезеңде бір-бірімізге көмектесу әрбіріміздің міндетіміз екенін атап өтті. Сонымен қатар, қызметкерлер аталмыш тамақ тарату акциясын басқа да әріптестеріне эстафета етіп жолдады. Осылайша сын сағатта жан-жақтан жақсылық жасап жатқандар саны күн сайын артып жатқандығы қуантады. Алдағы уақытта мұндай игі шаралар жалғасын табады деген үміттеміз!

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру