Санатталмаған

«COVID-19»: ТҮРКІСТАНДА ЕКІ АУРУХАНА ДАЙЫН ТҰР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕЙТІН 2 АУРУХАНА ДАЙЫН, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Түркістан облысында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынған. Аталған індетпен ауырған науқастарды жатқызу үшін инфекциялық стационарларда 100 төсек-орын дайындалған. Сондай-ақ, коронавирустық инфекциясына ұқсас белгілері бар науқастарды жатқызу, диагноздарын анықтау үшін 240 төсек-орынға провизорлық госпитальдар қарастырылған. Бұл туралы облыстық денсаулық басқармасы басшысының м.а. С.Жамалова мәлімдеді.

 

Оның сөзінше, барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайындық жағдайына келтірілген. Бүгінде ауырғандармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін аймақта жалпы 505 төсек-орын болатын обсервациялық орталықтар дайын тұр.

«52 дәрігер, 138 орта буын және 147 кіші буын қызметкерлері жоғарыда аталған стационарларда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қажеттілігі бар 24 дәрігер, 5 орта буын мен 5 кіші буын қызметкерлері туралы мәлімет ұсынылды», – деді облыстың бас дәрігері.

Барлық медициналық ұйымдарда коронавирустың клиникасы, емдеу және диагностикалау тақырыбында 2 реттен семинар өткізілді. Аула аралау жұмыстары жүргізілуде. Барлық үй карантининдегі азаматтарға бақылау жүргізіліп жатыр.

ҚР Үкіметінің резерв қорынан бөлінген қаражат есебінен облысқа 165 900 медициналық бетперделер жеткізілген. Оның 81 000 данасы медициналық ұйымдарға таратылып, қалған бетперделер орталықтандырылған қоймада сақталуда. Медициналық ұйымдарда бірреттік бетперделердің шығындарын үнемдеу үшін марліден стерилдеу арқылы бірнеше рет қолданылатын қосымша 77 000 медициналық бетперделер тігілді.

Айта кетейік, 2020 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирустық инфекция (COVID-19) тіркелген жоқ.

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру