Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТКЕ РЕСЕЙДЕН ДӘРІГЕРЛЕР КЕЛДІ

Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаңан AzatMedia.

Сапарларының мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. Сондай-ақ олар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық – әдістемелік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог – реаниматолог, эпидемиологтар бар.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Сондай-ақ, бірлесе жұмыс жасауда табыс тіледі.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирустық инфекцияны емдеудің жаңа әдістерін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында біліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Осы орайда, Сіздерді Шымкент қаласында көріп отырғанымызға қуаныштымыз», – деді Мұрат Әйтенов.
Ресейден келген дәрігерлер 3-4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілетін болады.

Бүгінде Шымкент қаласында короновируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Қатысты жаңалықтар

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Bastynews

ШЫМКЕНТ: «ӘЛЕМ БАЛАЛАРМЕН ӘДЕМІ» АТТЫ ИГІ ШАРА ӨТТІ

Bastynews

МИНИСТР ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

Bastynews

Пікір қалдыру