Санатталмаған

СЫН САҒАТТА БІРЛІК КЕРЕК

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан халқына жасаған үндеуін тыңдадық. Расында індет өршіп тұрған сәтте дәрі тапшылығын шешу кезек күттірмейтін мәселе. Бұл орайда Президент жалпы дәрі-дәрмек препараттарын, өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кем дегенде 150 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді. Қоғамда дүрбелеңге жол бермеу керектігін және қаражаттың жұмсалуы ерекше бақылауда болатынын да атап өтті.

Шынтуайтында бүгінгі ахуал қоғам үшін оңай тиіп жатқан жоқ. Бірақ бірігіп барлық қиындықты жеңеміз деп айта аламын. Қаламызда қоғам белсенділері мен жастардан құрылған арнайы мониторингтік топ

шаһардағы бірқатар дәріханаларға қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Президент айтпақшы, кейбір кәсіпкерлер күрделі жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелгісі келеді. Кейбір препараттар жетіспеушілігі сезіледі. Бірақ бүгінгі үндеуден кейін осы олқылықтың орнынын толтыру үшін нақты жұмыстар атқарылады деген ойдамын.

Ауырғандарды емдеуге қатысты жағдай, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, саяси өсек-аяң – мұның барлығын Президент қозғады. Туған-туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтар биліктің қарым-қатынасын баяғыдан бері күткен еді. Және де Президент өз атынан көңіл айтты. 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Бұл еліміздегі тәуелсіздік алғаннан бері тоғызыншы рет жарияланып отырған шара екен.

Қиындықтар бізді шыңдай түседі. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз. «Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік.

Жасмин АШИМОВА, қалалық Жастар мәслихатының депутаты

 

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

ТҰРАН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

bastynews

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ ПРАВ: ОРГАНИЗАЦИЯ ГОЛОСОВАНИЯ ВНЕ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА В ТЕГИШШИЛЬСКОМ СЕЛЬСКОМ ОКРУГЕ

bastynews

РЕГИСТРАЦИЯ ИЗБРАННОГО АКИМА БОРЛЫСАЙСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

bastynews

ВСТРЕЧА ШАРДАРИНСКОЙ РАЙОННОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ С МОЛОДЕЖЬЮ

bastynews

ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ДЛЯ ОРГАНИЗАТОРОВ ВЫБОРОВ В ШАРДАРИНСКОМ РАЙОНЕ

bastynews

РЕГИСТРАЦИЯ КАНДИДАТОВ НА ДОЛЖНОСТЬ АКИМА ЖАНАУЫЛЬСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ОТКРЫТИЕ КЛУБА МОЛОДЫХ ИЗБИРАТЕЛЕЙ В ГОРОДЕ АРЫС

bastynews

Пікір қалдыру