Санатталмаған

ШЕШУШІ КЕЗЕҢДЕ ӘР АЗАМАТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН КҮРЕСЕЙІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жариялап, 13 шілдені аза тұту күні деп жариялады. Әлем бойынша вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға, ал қайтыс болғандар 500 мыңға жетіпті. Осы цифрды айтудың да, жазудың да өзі ауыр. Еліміз үшін қазір оңай болмай тұрғаны белгілі. Әсіресе, медицина қызметкерлеріне түскен салмақтың жүгі оңай емес.

– Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек. Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері орын алуда, Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды.

Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе. Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды, – деп үндеуінде Президент атап өтті.

Дәл қазіргі уақытта тұрғындарға шынайы ақпарат жетпей жатыр. Сондықтан ашықтық, медицина өкілдері тарапынан дер кезінде індеттен сақтану жайында нақты ақпарат берілудің өзі – қауіптіліктен құтылуда, аурудың алдын алуда маңызы зор деп айтар едім.

Президент алдағы екі апта болашақ үшін шешуші кезең екенін де атап өтті. Сондықтан үшінші мегаполис тұрғындарын қиын-қыстау уақытта мемлекетке қолдау көрсетуге шақырамын. Шаһарда жұқпалы аурулар ауруханасында орын саны көбейтіліп, провизорлар мен күндізгі стационарлардың ашылып, дертпен күресте жұмыстар атқарылуда. Дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігі мәселесін шешуде тәулік бойы еңбек етіп жатқанын көріп те, естіп те отырмыз.

Мемлекет басшысы айтқандай, бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт. Әр азаматтың денсаулығы үшін күресейік. Күшейтілген карантин талабын сақтайық. «Әр қазақ менің жалғызым» деген жанашырлық, жауапкершілік әрқайсымыздың жүрегімізде, санамызда болсын!

Баршагүл ИСАБЕК, тарих ғылымдарының кандидаты

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру