Санатталмаған

АБАЙ АУДАНЫНДА АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Абай ауданы аумағында абаттандырылып жатқан аулалардың құрылыс жұмыстарын жан-жақты таныстыру бойынша арнайы БАҚ өкілдеріне арнап пресс-тур өткізілді. Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады.

Аудан аумағындағы жалпы 258 ауланың, қазіргі таңда 107 ауласы Абай ауданы әкімі аппараты тарапынан абаттандырылуда, сонымен қатар, спорт алаңшалары орнатылуда. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде республикалық бюджет трансферті есебінен, аулаларды абаттандыру бойынша 1 780 819 мың тг. бөлінген. Бұл ретте Абай ауданы бойынша жалпы 66 аула абаттандырылады (мердігер мекемелер – «Ынтымақ бес арыс» – 22 аула, және Бюлд Строй» ЖШС – 44 аула).

Одан бөлек, жергілікті бюджеттен қарастырылған нысандарға тоқталсақ, 41 ауланы қайта жаңартып, балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарына 637 млн. 441 мың теңге қаржы қаралған, ол жұмыстар маусым айында басталды. Оның құрылысы шілде айының соңында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда (мердігер мекеме «Андас груп» ЖШС – 17 аула, «Әлем энерго строй» ЖШС – 16 аула, «Қайназар» ЖШС – 8 аула).

Сонымен қатар, аудан аумағындағы 8 елдімекенге ашық спорт алаңшасы орнатылуда, жоба құны – 131 млн. 525 мың теңге. Жұмыстар маусым айында басталған. Құрылысы шілде айының соңында аяқталмақ (мердігер мекеме – «Әлем энерго строй» ЖШС – 6 спорт алаңша және «Айком» ЖШС – 2 спорт алаңша).

Жалпы, аудандағы 50 ашық спорт алаңшаның 24-нің жөндеу жұмыстарына 114 млн. 478 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде оның құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде (мердігер мекеме – «Айком» ЖШС).

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру