Санатталмаған

ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Еліміздегі үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласының жолдарын жөндеуге биыл 27 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр.

Қазіргі таңда шаһарда жол құрылысы қыза түскен. Құрылыс сапасын қала әкімі М. Әйтеновтің назарында. Бұл ретте, мердігерлер күзге дейін 414 шақырым жолдың құрылысын толық аяқтайтынын айтады.

Шымкенттегі қалашілік жолдар соңғы рет 2008 жылы жөнделген. Енді міне, ескі жолдарды жаңарту үшін биыл қазынадан қомақты қаражат бөлініп отыр. Аталған 27 миллиард теңгеге 414 шақырым жол салынбақ.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың айтуынша, биыл шаһардағы техникалық жағдайы жақсы жолдардың үлесін 60 пайызға жеткізу көзделуде.

– Шымкент қаласы бойынша 414 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу, күрделі жөндеумен қамтылған. Биыл 313 шақырымын пайдалануға береміз. Оның ішінде 75 шақырымы біздің осындай магистарльды көшелерде. Жалпы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді басқарма басшысы орынбасары.

Қазір құрылыс басында 45 мердігер компания тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Барлығы 245 көшедегі қалаішілік жолдар күзге дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірнеше көпір жаңартылып, орталық магистральды жол бойында веложолақ салынып, маңайы жарықтандырылмақ. Ең бастысы, төселетін асфальттың сапасы аса жоғары дейді мамандар.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

📢 Құрметті, Шымкент қаласының тұрғындары!

bastynews

Президент: «Озық елдердің негізгі қозғаушы күші – білімді, ақылды, еңбекқор, ұқыпты адамдар»

bastynews

Наурыз-2026: Шымкент ұлттық дәстүр мен технологияны үйлестірді

bastynews

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

bastynews

Мемлекет басшысы: «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі»

bastynews

ТАНЫМАЛ ӘНШІ ТӨРЕҒАЛИ ТӨРӘЛІ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БОКСТАН ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

bastynews

Вице-премьерлер мен Үкімет мүшелері ҚР жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс берді

bastynews

Аким Шымкента Габит Сыздыкбеков проголосовал на референдуме

bastynews

Пікір қалдыру