Санатталмаған

ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Республикалық «Үздік сабақ – 2020» онлайн байқауында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова жеңімпаз атанды.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқытушылары қатысқан.

Екі айға созылған байқауда тіл үйренушілердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға арналған деңгей талаптарына сай тапсырмалар беріліп, үздік деп танылған 8 жұмыс межеге шыққан. Нәтижесінде Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова бас жүлдені иеленді.

Айсұлу Тойшыбекқызы орталықта 2009 жылдан бері қазақ тілі мұғалімі болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда латын әліпбиінің түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жүрген білікті маман.

Айта кетсек, аталған байқау мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу мақсатында ұйымдастырылады.

Онлайн байқауға кәсіби қазақ тілінің оқытушылары, әдіскерлер қатыса алады. Тек кәсіби мамандар арасында өтетін байқауда креативті тәсілдер қолданған сабақ авторы ғана жеңімпаз болады және үздік сабақ тәжірибеден өткізіліп, оқыту орталықтарында жүйелі методикаға айналады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

📚 БІРГЕ ОҚИМЫЗ, БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ!

bastynews

«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты

bastynews

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШЫМКЕНТТЕ 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

bastynews

СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ТҮРКІСТАННЫҢ АГРАРЛЫҚ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ: МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАН НАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРМЕН БІРГЕ БІР КҮН ӨТКІЗІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

bastynews

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

bastynews

Пікір қалдыру