Санатталмаған

ТОҒЫЗ БАЛАЛЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ ОМАРТАШЫ ТОҒЫЗ МЫҢ АРАНЫ ӨСІРЕДІ

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны 45 жастағы Мәлік Айтымбетов 9 ұл-қыздың әкесі. Бүгінде ол 70 жәшік бал арасын ұстайтын ауылға аты мәлім омарташы. Бұл іспен айналысқанына 7 жыл болыпты. Алайда, М.Айтымбетов атаулы әлеуметтік көмек алмай тұрып, ісін өрге домалата алмаған.
Яғни, омарташылыққа қажетті құрал-саймандарды түгелдеуге шамасы жетпепті. Ал былтырғы жылы отбасымызға береке кірді дейді ол шаттанып. Үкіметтен 9 балаға атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 1 млн 498 мың теңге қаржы берілген. Осы қаржыға ол бал өндіретін диірмен, омарта жәшіктерін, көшіруге тіркеме сатып алыпты.
«Біз ауылдағы үлкен отбасы саналамыз. Жанұямызда 11 жанбыз. Алланың берген 9 ұл-қызы бар. Солардың несібесіне былтырғы жылы үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Құжатты дер кезінде дайындап, жергілікті әкімдікке өткіздік. Көп ұзамай үлкен қаржыға қол жеткізіп, өзімнің шаруашылығыма қажетті бар керек-жарақты сатып алдым. Бүгінде соның арқасында балдың 10 түрін өндіріп жатырмын», – дейді Мәлік Айтымбетов.
Әйелі Нағима Айтымбетова алтын алқа иегері. Жуырда ғана ол бала күтімінен босап, бір мекемеге тазалаушы боп орналасыпты. Айлық жалақысы – 40 мың теңгені құрайды. Омарташылықты кәсіп еткен отбасының үлкендері Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орнында оқиды екен. Олардың ендігі армандары – омарташылықты кеңейтіп, бал арасы орналасқан тіркемелерді таситын жүк көлігін сатып алу.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру