Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, ІІІ курс докторанты Шолпан Шолпан Торгаутова, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Г.Сүгірбаева. 25-26 қыркүйек күндері Өзбекстан ұлттық университетінің Жизақ филиалы ұйымдастырған ғылым мен білім берудегі АІ технологияларды практикада қолдануға арналған халықаралық-ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасының АІ-Sana мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін жас ғалымдарға мүмкіндігі және STEM-ді 1924 жылға дейінгі революцияға дейінгі кезеңде Оңтүстік Қазақстанның полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихын оқытудағы кешенін Орталық Азияның тарихы мен этнологиясын зерттеудің тарихи-мәдени қорына енгізуге арналған өзінің жаңа картографиялық ғылыми әзірлемесінін дидактикалық материал ретінде қолдануды өз баяндамасында көрсетті.
Қазақстандық делегацияны ӨзбҰУ Жизақ филиалының директоры – О.Туракуловтың қабылдауында Шымкент қаласының жас ғалымы ғылыми жетістіктерінде 2025 жылы Абай Құнанбайұлы қатысып, 1885 жылы қабылданған Қарамола Ережесі туралы жариялаған монографиясымен таныстырды.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жемісті ғылыми-мәдени ынтымақтастықта өткізілген конференцияда ғылыми зерттеулердің ерекшелігі Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдарының халықаралық деңгейде беделін арттырып, жаңа мүмкіндіктерді
нығайтуға жол ашты.
Шолпан Торгаутова Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ІІІ курс доктранты, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім»
Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі


