Басты жаңалықтар Жаңалықтар

Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық құжаттарға қол қойылды:

Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум рәсімделді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының Ғылым және технологиялар министрлігі арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандум жасалды.

Бұдан бөлек, Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжаттар Қазақстан мен Лаос арасындағы саяси, құқықтық, цифрлық және өңіраралық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған.

Ақпарат: t.me/aqorda_resmi

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Bastynews

ПЕРВЫЙ ЗВОНОК В ШКОЛЕ-ГИМНАЗИИ №8 ИМ. М.Х. ДУЛАТИ ОЗНАМЕНОВАЛ СТАРТ НОВОГО УЧЕБНОГО СЕЗОНА

bastynews

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША КӘСІБИ КЕҢЕС АЛДЫ

bastynews