Жаңалықтар Қоғам

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ: ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Шымкентте жаңа үйлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Жеңілдетілген несиелендіру бағларламасының көмегімен 40 отбасы баспаналы болды.

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Пәтерлер төлем қабілеттілігін растаған және белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары арқылы беріліп отыр.

Жаңа баспанаға ие болғандардың қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

Үйлер барлық құрылыс нормасы мен талаптар сақтала отырып, пайдалануға берілген.

Айта кетейік, жеңілдетілген шарттармен баспаналы болу тетігін кеңейту қаладағы тұрғын үй саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл – азаматтардың өз пәтеріне қол жеткізуінің нақты әрі тиімді мүмкіндігі. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АТҚАМІНЕРЛЕРДІҢ СЫЛБЫР ҚИМЫЛЫН СЫНҒА АЛДЫ

Bastynews

Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді – Бақыт Нұрмұханов

bastynews

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МІНДЕТІ

bastynews