Ақпарат Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті мемлекетшіл, тәжірибелі әрі білікті азамат ретінде атап өтіп, оның жауапкершілігін жақсы түсінетінін және бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс атқарғанын айтты.

Президент еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Қазақстанда түрлі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, ел аумағы үлкен құрылыс алаңына айналып жатқанын айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Тәуелсіздік пен Егемендікті нығайту, мемлекетті одан әрі дамыту бағытында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Олжас Бектеновтің Премьер-министр лауазымына кандидатурасын Құрылтай депутаттарының басым көпшілігі қолдады.

Мемлекет басшысы Премьер-министр лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына ризашылығын білдірді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

bastynews

НОВЫЙ ИМПУЛЬС К УЧЕБНОМУ ГОДУ В ТРЕТЬЕМ МЕГАПОЛИСЕ: ЭФФЕКТИВНО ПРОШЛО ЗАСЕДАНИЕ МЕТОДИЧЕСКОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ…» ПОЭТИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

bastynews