Қоғам

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету мақсатында «Қайырымды іс – жан азығы» атты тағылымды іс-шара өтті. Жүрекке жылу сыйлайтын игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, олардың арман-тілектерін орындауға және ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерге қолдау көрсетуге бағытталды.

Оған облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ шараға атсалысқан меценаттар арнайы марапатталды.

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған шара 2026 жылғы 24 тамыз күні Түркістан қаласындағы «TURAN MALL» ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылды. Іс-шараға қолдау көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлауға үлес қосқан кәсіпкерлерге алғыс білдірілді.

Марапатталған меценаттар қатарында кәсіпкерлер Басымбек Бахыт Мусиралиевич, Кукенов Мурат Байкадамович, Карабаев Ержан Кошкарович, Ержигитов Сапаралы Жумабекович, Далбаев Жамбыл Мауленович, Боханов Султанбай Серикбаевич, Абдужаппаров Мансур Рахимжанович, Ұзақов Уалихан Жамалханұлы, Каракулов Рамжан Жанабаевич, Тайрахунов Даулет Жолдасович, Халмурадов Шамхат Розакулович, Түймебай Еркеғали Құдайбергенұлы, Еримбетов Газиз Каныбекович және Әбдуәлі Нұрдәулет Бауыржанұлы бар.

Облыс әкімінің орынбасары балалық шақтың әр бала үшін маңызды кезең екенін атап өтіп, балалардың құқықтарын қорғау мен олардың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.

– Балалық шақ – әр адамның өміріндегі ең бақытты әрі қайталанбас кезең. Әр баланың шат күлкісі мен жарқын арманы – еліміздің ертеңіне деген кемел келешегінің кепілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет» деп атап өтті. Біздің басты мақсатымыз – балалардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету, олардың қабілетін ашуға мүмкіндік беру және болашаққа нық қадам басуына барлық жағдайды жасау. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, қауіпсіз ортаға және өз арманына сенуге құқылы, – деген Ертай Кенжебекұлы іс-шараға атсалысып отырған ұйымдастырушыларға, демеушілерге, ата-аналарға, еріктілерге және қайырымды жандарға ерекше алғысын білдірді.

Іс-шара барысында 20-ға жуық баланың көптен күткен тілегі орындалып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, балалардың біріне велосипед сыйға тартылса, енді біріне қажетті жиһаз алуға және киім дүкенінен сауда жасауға сертификаттар берілді. Сонымен қатар Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Сауран, Бәйдібек және Созақ аудандарынан келген ерекше балалар қатысып, оларға да сый-сияпат тапсырылды.

Балалар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. 200-ге жуық бала «TURAN MALL» сауда орталығындағы «Prime Cinema» кинотеатрында мультфильм тамашалады. Бұдан бөлек, мерекелік дастархан жайылып, балалар естелікке суретке түсті. Сондай-ақ олардың жас ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жеңіл әрі қауіпсіз ойындар ұйымдастырылды.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

bastynews

«Auyl Jastary» семинары белсенді жастарды жинады

bastynews

«Сұйық май ішкізіп, құйрық жегізді» – Павлодар тұрғынының өгей қызын аусыз ұрғаны белгілі болды

Bastynews