Қоғам

«ҚАЙЫРЫМДЫ ІС – ЖАН АЗЫҒЫ» АКЦИЯСЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бастамасымен Отырар ауданында «Қайырымды іс – жан азығы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты – қоғамдағы мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, ерекше балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету және қайырымдылық жасаудың маңызын кеңінен насихаттау.

Шара аясында игі істерімен көпшілікке үлгі болып жүрген жандардың қайырымдылыққа қосқан үлесі насихатталып, ерекше балалардың өмірі мен шығармашылығын танытатын фотокөрме ұйымдастырылды.

Бұл бастама – қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Себебі кейде бір ауыз жылы сөздің, бір сәттік қамқорлықтың немесе шынайы қолдаудың өзі адамға үлкен үміт сыйлайды.

Қайырымдылық – тек көмек көрсету емес, ол – жүректегі мейірімді бөлісу. Ал әрбір жасалған жақсылық қоғамға жылу сыйлап, адамгершілік құндылықтарды арттыра түседі.

«Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қолдау мен қамқорлықты қажет ететін жандарға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНЫП ЖАТЫР

bastynews

РАЗЪЯСНЕНИЕ О ПРАВАХ И ГАРАНТИЯХ ТРУДЯЩИХСЯ

bastynews

Мемлекет басшысы: «Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс.

bastynews