Санатталмаған

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап Шымкент қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу бастау алды. Тестті оқушылар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, халықаралық SilkWay және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеттерінде тапсыруда.
Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін құрамына Департамент, Арнайы мониторингтік топ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, жастар мәслихаты депутаттары мен қоғам белсенділерінен құралған арнайы жұмысшы топ құрылып, мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Бұл топтың негізгі мақсаты тестілеудің «тазалығын» бақылау болып табылады. Қандай да бір сәйкессіздіктер немесе тестілеуді адал емес тапсыру жағдайлары анықталғанда, жауапты тұлғаларға хабарлайды.
Шымкент қаласынан 5 күн ішінде 3 577 оқушы тест тапсыруға өтініш беріп, 3 318-і тестке қатысқан. Арнайы құрылған жұмысшы топтың айтуынша, қатаң тексерулер мен ескертулерге қарамастан шпаргалкалар, ұялы телефондар және тағы да басқа құралдарды алып кіруге тырысатын оқушылар кездесуде. 5 күн ішінде кіре берісте 124, ал тест барысында 40 оқушыдан түрлі тыйым салынған құралдар тауылып, барлығы 164 оқушы тестке жіберілмеді.
Осы ретте Жұмысшы топ оқушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып, тест тапсыруға шақырады, ал ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.
Егер азаматтар осындай жағдайға тап болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 call-орталығына қоңырау шалу қажет.

 

Қатысты жаңалықтар

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЧЕМПИОНДЫҒЫН БІРГЕ АТАП ӨТЕЙІК

bastynews

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру