Санатталмаған

ҰЛТТЫҚ КІЛЕМ НАСИХАТТАЛДЫ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылына және Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай жеке коллекционер Дана Бектаеваның онлайн кілем көрмесі өтті. Тікелей эфирде өткен іс-шара мегаполистегі «Көрме» орталығы мұрындық болды. Карантин тәртібі сақтала отырып бабаларымыздан мұра болып келе жатқан ұлттық кілем насихатталды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған AzatMedia.

Көпшілікке ұсынылған кілемдер Дана Бектаеваның жеке коллекциясындағы дүниелер. Көрмеге 19-20 ғасырларда қолдан тоқылған түрлі кілемдер мен алашалар, уықбау, басқұр сынды киіз үй жабдықтары  қойылды. Қазақстанның басқа өңірлерінен жинақталған құнды кілемдердің біршамасы Оңтүстіктен, Сыр өңірлерінен табылған. Ұлттық қолөнерді ұлықтап, өзіндік ерекшелігін бағалап, кілем тоқу өнерін өшірмей, кереметтілігін халыққа паш ету мақсатында өткізілген шараның өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор.

Дана Бектаева- коллекционер: Кілем беттеріндегі сан алуан өрнектің тілі, бұйымдардағы бейнеленген жануарлар, өсімдік әлемінің- әрқайсының өзіндік мән-мағынасы терең философиялық мәнге ие. Бұл көрме  көнеден сыр шертетін тарихи дүниелер, кілемдер арқылы сол заманның тарихын, тыныс тіршілігін таныстырып, қолданбалы өнерді насихаттау болып табылмақ.

Қатысты жаңалықтар

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЧЕМПИОНДЫҒЫН БІРГЕ АТАП ӨТЕЙІК

bastynews

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру