Қоғам

«Халық үні» фронтмендері өңірлерде байқаушыларды оқыту жұмыстарын жүргізді

«Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобының фронтмендері еліміздің бірқатар өңірінде болып, аймақтық штабтардың жұмысымен танысып, байқаушыларға арналған оқыту семинарларын өткізді.

Топ мүшелері Нұргелді Әбдіғани мен Нұрболат Нышанбай Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларында болып, сайлау процесіндегі байқаушының құқықтары мен міндеттері, заң талаптары, дауыс беру күні жүргізілетін бақылау тәртібі және құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нұрболат Нышанбай өңірлердегі кездесулердің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, байқаушылардың белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше қуантқанын жеткізді. Оның айтуынша, қатысушылар заң талаптарын терең меңгеруге, тәжірибелік жағдайларды талдауға және сайлау процесінде туындауы мүмкін түрлі мәселелердің құқықтық шешімдерін үйренуге ерекше қызығушылық танытқан.

Нұрболат Нышанбай:
«Біз алдағы уақытта да еліміздің барлық өңірлерінде байқаушыларды сапалы даярлау бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз», – деді.

«Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы алдағы уақытта да еліміздің өзге өңірлерінде оқыту семинарларын өткізіп, байқаушылардың кәсіби даярлығын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Қатысты жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ШЫМКЕНТТІК 50-ГЕ ЖУЫҚ МАМАН СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ТӘЛІМГЕР АТАНДЫ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ИГІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

Bastynews

Удай мас ер адам жантүршігерлік қылмысқа барды

Bastynews