Жаңалықтар Қоғам

Департамент тексерісі нәтижесінде азаматтың құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласының тұрғыны мемлекеттік қызметке орналасу барысында өз құқығының бұзылғаны туралы шағымданып, әділдікке қол жеткізді.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментіне жүгінген. Арызында ол Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы лауазымына жарияланған жалпы конкурсқа қатысу үшін барлық қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырғанын көрсеткен.

Алайда, конкурс комиссиясы үміткерді біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танып, іріктеу кезеңіне жібермеген. Осыған байланысты азамат конкурстық комиссия қызметінің заңдылығын тексеруді және өз кандидатурасын конкурсқа қатыстыруды сұраған.

Аталған өтініш негізінде Департамент тарапынан Түркістан қаласы әкімінің аппаратында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы талаптары, соның ішінде 10-баптың 1) және 8) тармақшалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметке іріктеу қағидаларының талаптары сақталмағаны белгілі болды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша конкурстық іріктеу рәсімін өткізу барысында заң талаптарын бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан Түркістан қаласы әкімінің аппаратына анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді (23 ақпан 2026 жыл, №06-39-05/529).

Ұсынуды қарау қорытындысы бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы лауазымына өткізілген жалпы конкурс нәтижелері толықтай күшін жойды.

Нәтижесінде, конкурсқа қатысқан үміткердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Қатысты жаңалықтар

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

Bastynews

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫН ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Bastynews

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ЖАҢА САПАСЫ

bastynews