Республикалық референдум аясында Келес ауданының тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Аудан тұрғындары, қариялар ұлттық киім киіп, тұрғылықты мекенжайлары бойынша учаскелерге келіп дауыс беруде. Сондай-ақ, аудан өнерпаздары домбыра тартып, дауыс беруге келушілерге қолдау көрсетуде.
«Референдум – халықтың мемлекеттегі маңызды мәселелер бойынша тікелей өз пікірін білдіру мүмкіндігі. Сондықтан оған қатысу әр азамат үшін үлкен жауапкершілік әрі азаматтық борыш. Референдум арқылы халық елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға қатысады. Бұл – демократияның басты қағидаларының бірі. Дауыс беру арқылы әр адам қоғам өміріне бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Белсенді азаматтар көп болған сайын елдің дамуы да тұрақты болады.Референдум нәтижесі елдің саясатына, заңдарына немесе маңызды реформаларға әсер етуі мүмкін. Сондықтан әр дауыс маңызды. Референдум – әр азаматқа берілген маңызды құқық. Оған қатысу арқылы адамдар өз елінің дамуына, тұрақтылығына және болашағына үлес қосады», – деді аудан тұрғыны Өмірзақ Әбдірахманұлы.

Келес ауданында барлығы 61 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Таңғы сағат 07:00-де ашылған учаскелерде тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Жалпы аудан бойынша 131 093 тұрғын бар, оның ішінде 69 812 азамат дауыс беру құқығына ие. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
