Жаңа Конституция жобасында адам ар-намысы мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. 20-баптың 1-тармағында адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайтыны және олардың заңмен қорғалатыны нақты бекітілген. Бұл норма әрбір азаматтың жеке абыройы мен тұлғалық тұтастығын мемлекет деңгейінде қорғауға бағытталған.
Адам қадірі – тек моральдық ұғым емес, ол құқықтық кепілдікке ие құндылық. Яғни, ешбір тұлға, ешбір орган адамның намысына тиіп, оның абыройын түсіруге құқылы емес. Заң бұл құқықты бұзуға жол бермейді және оны қорғаудың нақты тетіктерін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік көрсетуге немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолдануға болмайды. Бұл қағида мемлекеттің адамға деген құрметін, әділеттілік пен заң үстемдігін ұстанатынын білдіреді.
Аталған нормалар қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді. Адамның ар-намысын қорғау – өркениетті, құқықтық мемлекеттің басты белгісі және әділетті қоғам қалыптастырудың негізі.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық
