Жаңалықтар Қоғам

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қарашық ауылдық округінде Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік профилактикалық іс-шара өткізді.
Рейд барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мопед басқаруына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы тексерілді.
Іс-шара кезінде мопед басқарған кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың көлік құралдарын басқаруға қажетті құжаттарының болуы тексерілді. Тиісті құжаттары жоқ және заң талаптарына сәйкес келмейтін мопедтер арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция қызметкерлері ата-аналар мен жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, кәмелетке толмағандарға мопед пен өзге де көлік құралдарын басқаруға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай профилактикалық рейдтердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті.

Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДО

Қатысты жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 50 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

bastynews

Мемлекет басшысы: «Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Bastynews