Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясы құрылды

Бүгін Шымкент қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты қалалық коалиция құрылды. Бұл бастама – алдағы республикалық референдум қарсаңында қоғамды біріктіруге, тұрғындармен ашық әрі мазмұнды диалог орнатуға бағытталған маңызды қоғамдық-саяси қадам.

Коалиция жетекшісі болып AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев бекітілді.

Коалицияның басты мақсаты – республикалық референдум аясында қабылданатын шешімдердің мәні мен маңызын тұрғындарға кеңінен түсіндіру, әрбір азаматтың пікірін ескеріп, ел болашағына саналы түрде қатысуына жағдай жасау. Бұл – жай ғана дауыс беру науқаны емес, бұл – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын тарихи кезең.

Жаңа құрылым қоғам өкілдерімен, азаматтық сектор, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар және белсенді жастармен тығыз байланыс орнатып, түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді көздейді. Ашық кездесулер, пікірталастар, ақпараттық іс-шаралар арқылы тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға нақты жауап беріліп, ұсыныстары мен ой-пікірлері назарға алынатын болады.

Қалалық коалиция жетекшісі ретінде Мұрат Жаңабайұлы барша қоғам өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, бірлік пен жауапкершілік бар жерде ғана әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды бірге құруға болады.

Бұл бастама – халық үнін естуге, қоғамдық келісімді нығайтуға және әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған нақты қадам.

#ХалықтықРеферендум #ӘділеттіҚазақстан #Шымкент

Қатысты жаңалықтар

БІЛІМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ – САПАЛЫ АДАМИ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«Сұйық май ішкізіп, құйрық жегізді» – Павлодар тұрғынының өгей қызын аусыз ұрғаны белгілі болды

Bastynews

Масылдық апармас алысқа…

Bastynews