Жаңалықтар Қоғам Мәдениет

ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМДАР EYFOR-16 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУДА

Түркияның Кемер қаласында өтеткен  EYFOR-16 Халықаралық Білім беруді Басқару Форумына Шымкент қаласының профессор-оқытушылар құрамынан құралған делегация қатысып жатыр. Ауқымды шараны Түркияның Зонгулдак Булент Эжевит, Гази және Гиресун университеттері бірлесіп ұйымдастырған.

EYFOR-16 форумы – педагогика саласындағы теория мен тәжірибені тоғыстыратын, әлемдік деңгейдегі мамандар мен ғалымдарды бір алаңда тоғыстыратын беделді халықаралық платформа. Форумда «Педагогикалық ғылымдар» және «Педагогикалық менеджмент» бағыттары бойынша заманауи зерттеулер мен тәжірибелер кеңінен талқылануда.

Форумның негізгі мақсаты:

  • Әлем елдерінен келген мамандардың тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету;
  • Білім берудегі инновациялық тәсілдер мен озық практикаларды талқылау;
  • Педагогтар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту, ғылыми желілерді кеңейту.

Шымкент қаласындағы іргелі жоғарғы оқу орындарының оқытушылары форум аясында «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи технологияларды қолдану» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсына қатысып, халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болды. Курста инклюзия саласындағы заманауи әдістер, цифрлық шешімдер мен технологиялық платформаларды қолдану бағытында тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылған.

Халықаралық ынтымақтастық артады

Форум барысында Шымкент қаласындағы университеттер мен Түркияның жетекші жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған келіссөздер өтті. Тараптар академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми зерттеулер, оқытушылар мен студенттер алмасуы сынды бағыттар бойынша әріптестік орнатуға ниет білдірді.

EYFOR форумдары 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және бүгінде білім беру саласының стратегиялық дамуына бағытталған жаһандық алаң ретінде қалыптасқан. Биылғы жиынға Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Германия және Қытай секілді 20-дан астам елден 500-ге жуық қатысушы тіркелген.

Жаңа білім – жергілікті жүйеге енгізіледі

Шымкенттік ғалымдар өкілдері форумда жинақталған тәжірибені жергілікті білім беру жүйесіне енгізу арқылы педагогикалық үдерісті жаңғыртуға ниетті. Әсіресе, инклюзивті білім беру, цифрлық оқыту технологиялары мен басқару тиімділігі бағыттарындағы жаңа әдістер алдағы уақытта оқу бағдарламалары мен практикалық курстарда қолданылмақ.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ БАҚЫЛАУДА: ОРЫН АЛҒАН ЗАҢСЫЗДЫҚТАР ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Bastynews

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА ҚЫМЫРАН САТЫП, ТҮЙЕ ТҮЛІГІН 500-ГЕ ЖЕТКІЗІП ОТЫР

Bastynews