Қоғам

ЖАҢА БІРПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТ – ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Қазақстанның жаңа Конституциясы аясында елдегі заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды институционалдық реформа жүзеге асырылуда. Соның негізгі тетіктерінің бірі – жаңа бірпалаталы Парламент, яғни Құрылтайдың құрылуы.

Жаңа Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жыл болып белгіленіп, бұл заң шығару қызметінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылтайды қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл саяси партиялардың рөлін арттырып, олардың кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар партиялардың институционалдық салмағы күшейіп, саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі.

Аталған өзгерістер өкілді биліктің тиімділігін арттыруға, саяси бәсекелестікті нығайтуға және қоғам мүддесін заң шығару деңгейінде сапалы қорғауға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

“ПРОФИЛАКТИКА ЖҮЙЕЛІ ӘРІ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАЖЕТ”: ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

bastynews

КЕЛЕСТЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

bastynews

Отбасы құндылықтар жүйесі

Bastynews