Қоғам

ЕГЕМЕНДІК ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚОРҒАУ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

Жаңартылған Ата Заңда мемлекеттің дамуына бағытталған мызғымас қағидаттар мен негізгі құндылықтар айқындалған. Солардың бірі әрі бірегейі – егемендік пен тәуелсіздікті қорғау мәселесі.

Конституцияның жаңа редакциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігі ең жоғары конституциялық құндылықтар ретінде бекітілген. Бұл қағидаттар мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының берік құқықтық негізін қалыптастырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ата Заңда еліміздің тәуелсіздігін нығайту, мемлекеттік биліктің тұтастығын сақтау және конституциялық құрылымды қорғау мемлекеттің басты міндеттері ретінде белгіленеді. Егемендікті қорғау қағидаты ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қызмет етеді.

2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін сақтауға және нығайтуға бағытталған құқықтық тетіктерді жүйелей отырып, мемлекеттің болашақ дамуына сенімді негіз қалайды. Жаңартылған Конституция егемен ел ретінде Қазақстанның орнықты дамуын, ұлттық бірегейлігін және мемлекеттік тұтастығын қорғауға бағытталған маңызды стратегиялық құжат болмақ.

Қатысты жаңалықтар

Саяси салаға серпіліс әкелді

Bastynews

Әлеуметтік желіде жалған жарлы көп

Bastynews

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ: ЖАСТАР КӨЗҚАРАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

bastynews