Ақпарат Қоғам

2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЖАҢА ПРЕАМБУЛАДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

Қазақстанда 2026 жылы қабылданған жаңа Конституция елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекеттің басқару құрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып отыр. Жаңа Преамбулада тарихта алғаш рет бірқатар негізгі қағидалар Конституция деңгейінде ресми түрде бекітілді.

Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекет қызметінің басты бағыты ретінде айқындалған. Бұл – азаматқа бағдарланған демократиялық елдің негізгі принципі.

Құжатта ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қоғамдағы бірлік мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тірек ретінде танылды. Егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық – Конституцияда өзгермейтін, мызғымас қағидаттар ретінде бекітілген.

Жаңа Конституцияда әділеттілік, заңға бағыну және қоршаған ортаға қамқорлық қағидаттары алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл – заманауи мемлекет пен құқықтық қоғам құрудағы жаңа қадам. Жаңа Конституция бойынша мемлекеттік билік халықтан бастау алады. Яғни, Қазақстан халқы – биліктің бірден-бір қайнар көзі. Осылайша, жаңа Преамбула елдің тарихи дәстүрлері мен заманауи құндылықтарын үйлестіре отырып, Қазақстанның құқықтық, әлеуметтік және экологиялық даму бағыттарын айқындайды.

Қатысты жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ!

bastynews

ҒАЛАМДЫҚ КЛИМАТ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ: НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ РАЕ КВОН ЧУНГ ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

bastynews

ШЫМКЕНТ: В ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЯХ ПРОШЛИ ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ УРОКИ В РАМКАХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

bastynews