Санатталмаған

Басқарма басшылары мен бас дәрігерлер темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің тәртібімен таныстыру жұмыстары жүйелі жалғасуда.

Бүгін облыстық әкімдіккке қарасты басқарма басшылары мен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен танысып, жаза басқан жандардың түзету мекемесіндегі күйбең тіршілігін көзбен көріп қайтты.

Жыл басынан бастау алған бұл науқанның негізгі мақсаты – оңай олжаға құнығып, опық жегендердің жай-күйі мен тар қапастағы тіршілігімен таныстыру арқылы өңірдегі құзіреттілігі жоғары қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру.

Жалпы саны 70-ке жуық басқарма басшылары мен бас дәрігерлер Шымкент қаласында орналасқан ИЧ-167/11 мекемесіне бас сұғып, жазасын өтеуші азаматтардың өмір сүру жағдайы мен түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіптің қатаңдығын, сотталушының төсек орны мен цех, асхана, аула сынды аймақтарын көріп шықты.

Бас бостандығынан айыру мекемесінің таныстыру барысында жемқорлық тәуекелінің алдын алуды мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға құлқынның құлы болудан аулақ болуға шақырып, қызмет бабын асыра пайдаланушылардың соңы ауыр жазаға әкеліп соғатынын жеткізді.

Бас бостандықтың бағасын ұқтырған науқан соңында мұздай қара құлып пен тікенді темір торды өз көздерімен көрген азаматтар жақынынан жырақ күн кешкендердің қателіктерін қайталамау қажеттігін түсінді.Айта кетсек, бұл науқан Түркістан өңірінде жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру