Қоғам

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖОЛ САПАСЫ 21 ПАЙЫЗДАН 65 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

▪️ Түркістан облысында өңірлердің инфрақұрылымын дамыту, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта 2018 жылы қайта құрылған Келес ауданында жол саласын дамыту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалды. Аудан құрылған кезеңде елді мекен ішіндегі жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі небәрі 21 пайызды ғана құраған болатын.

▪️ Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2019 жылдан бастап аудан аумағында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Атап айтқанда, 2019 жылы 23 жол нысаны жөнделсе, 2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 16 жол, жергілікті бюджет есебінен тағы 16 жол жаңғыртылды. 2021 жылы бағдарлама арқылы 2 жол, жергілікті бюджет есебінен 6 жол жөндеуден өтті. 2022 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 7 жол нысаны іске асырылды. 2023 жылы 9 жол, 2024 жылы 15 жол жөнделіп, 2025 жылы 21 жол нысанын жөндеу жоспарланып, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген кестеге сай жүзеге асырылуда.

▪️ Жалпы алғанда, 2019–2025 жылдар аралығында Келес ауданында 115 көше мен жол нысаны орташа және күрделі жөндеуден өтті. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағындағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 21 пайыздан 65 пайызға дейін артты. Бұл көрсеткіш аудан тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы көлік қозғалысын қамтамасыз етумен қатар, елді мекендер арасындағы байланысты айтарлықтай жақсартты.

▪️ Жол инфрақұрылымының жаңаруы жедел жәрдем, өрт сөндіру және коммуналдық қызметтердің уақытылы жетуіне оң ықпалын тигізіп, білім беру және әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті арттырды. Сонымен бірге қоғамдық көлік қозғалысының тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, мектеп оқушылары мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік деңгейі күшейтілді.

▪️ Бұдан бөлек, сапалы жолдардың салынуы мен жөнделуі ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды жеңілдетіп, аудан экономикасының дамуына серпін беруде. Шаруалар үшін өнімді нарыққа жеткізу уақыты қысқарып, логистикалық шығындар азаюда.

▪️ Алдағы жылдары Келес ауданында жол сапасын одан әрі жақсарту мақсатында елді мекен ішіндегі көшелермен қатар, ауданаралық және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жобалары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Бұл жұмыстар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар бағыттарға басымдық беру арқылы жүзеге асырылмақ.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТТІ

bastynews

Әлеуметтік масылдықтан қалай арыламыз?

Bastynews

РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ: ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

bastynews