Мәдениет Саясат Соңғы жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨҢІРДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайрат Балабиев пен Нұрсұлтан Байтілесовпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі басымдықтар, инвестициялық жобалар, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттердің орындалу барысы кеңінен талқыланды.

Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға, экономикалық өсім көрсеткіштеріне, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, облысқа инвестиция тарту жұмыстары күшейтіліп, жаңа өндіріс орындары ашылуда, бұл өз кезегінде тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңір экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік беріп отыр. Өңір басшысы аталған бастамалардың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысы, жол, инженерлік желілерді жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасып жатқанын жеткізді.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар, заң шығару қызметінің негізгі бағыттары мен Парламент жұмысының нәтижелері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қайрат Балабиевтің айтуынша, биылғы жыл Парламент үшін жемісті болды. Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының Жолдауларында, Сайлауалды бағдарламасында және Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмалар негізінде 100 заң қабылдап, оның 24-іне депутаттар бастамашы болған. Сонымен қатар Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша кешенді жұмыстар аяқталғанын айтты.

▪️Нұрсұлтан Байтілесов өз сөзінде Мәжілісте қабылданған бірқатар маңызды заңдарға тоқталып өтті. Атап айтқанда, «Жасанды интеллект туралы» заңның қабылдануы Қазақстанның бұл саладағы озық қадамдарының бірі екенін атап өтіп, еліміздің Еуропалық Одақтан кейін аталған бағытта жеке заңы бар алғашқы елдердің қатарына енгенін жеткізді. Бұл заң цифрландыруды дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және жаңа экономикалық мүмкіндіктерді ашуға жол ашатыны айтылды.

▪️Кездесуде депутаттар облыс пен орталық арасындағы өзара байланысты нығайту, мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіру және кері байланысты күшейту ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті. Осы бағытта бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

▪️Айта кетейік, алдағы күндері Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының аудандарында болып, тұрғындармен кездесулер өткізуді, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелерді зерделеуді жоспарлап отыр.

Қатысты жаңалықтар

Білім ұялары жаңа оқу жылына дайын

Bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: “ҮЗДІК ПСИХОЛОГ – 2025” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

bastynews

ОРДАБАСЫДАҒЫ ЖАҢА ӨНДІРІС: МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕАГЕНТТЕРДІҢ ОТАНДЫҚ БАЗАСЫ ҚАЛЫПТАСУДА

bastynews