Ақпарат Қоғам

Қасиетті жұма күні Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары үшін орны бөлек тұлға – еліміздің тұңғыш мүфтиі, көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Рәтбек қажы Нысанбайұлы Алланың рақымына бөленіп, мәңгілік сапарға аттанды.

Қайғылы хабарды қоғам белсендісі Nurzhan Arystanbekuly әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады. Оның жазуынша, Рәтбек қажы Нысанбайұлы — қазақ ислам ғылымы мен руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, саналы ғұмырын дін мен білім жолына арнаған абыз тұлға.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш мүфти ретінде елдегі діни жүйенің қалыптасуына, ислам құндылықтарының кеңінен насихатталуына сүбелі еңбек сіңірді. Ол – талай шәкірт тәрбиелеп, ұлттық руханият пен діни сабақтастықтың сақталуына қызмет еткен үлкен ғалым.

Марқұмның өмір жолы мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталмақ.

Алла Тағала марқұмның иманын саламат етіп, жатқан жерін жарық, мекенін жәннаттан етсін. Артында қалған отбасына, туған-туыстарына және барша мұсылман қауымына сабыр берсін.

إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ


Дереккөз: Nurzhan Arystanbekuly (Facebook) https://www.facebook.com/nurzhan.arystanbekuly/posts/pfbid02YRDRTtYGxJea4NhfXL5BX9KYB3TnBCesSbasLqEEFXEnK43nSk5m41XQoyTivWzal?cft[0]=AZbNI7ZWubR1S55yhq3mbuams-FQMZ21EubjR99K9xwokNiHBtAzPB2YQIAqoZPBSQbaCE1EPC48rIGZxXwy_U2r-Zdd2BKkxBHju14sfqIXo2JhOUJLjAapswe0LKq8OkFgJuUAt6-hIYGmeQ-rgRb30XsUx8aKdgx9i_zkOdwtOw&tn=%2CO%2CP-R

Қатысты жаңалықтар

В Казахстане построят 42 новых водохранилища

bastynews

Казахстан вошел в ТОП-50 экономик мира и стал одним из мировых лидеров по темпам роста ВВП

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

bastynews