Ақпарат Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысындағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы – 17 692 шақырым. 2025-2026 жылдардағы қысқы мерзімде облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін уақтылы қардан тазалауға жалпы 330 техника, 1155 жұмысшы жұмылдырылады. Сондай-ақ көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 10 151 текше метр құм және 2278 тонна тұз жинақталды. Техникаларға пайдаланылатын жанар-жағармай (бензин, дизель) отынымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 178,6 тонна дизель, 44,1 тонна бензин отынына жанар-жағармай бекеттерімен келісімшарттар жасалынған. Жолдардың қысқы маусымдағы жағдайы, күтіп ұстау бағытындағы жұмыстары облыс әкімдігінде талқыланып, өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

– Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының қысқы мерзімге дайындығын бақылауда ұстап, қосымша техника мен жұмыс күшін тартып, инертті материалдар мен жанар-жағармайдың резервтік қорын ұлғайту керек. Кемшілікке жол берілмеуі тиіс. Басты мақсат – жолаушылардың қауіпсіздігін нығайтып, адам өмірін сақтап қалу. Қысқы маусымда барлық деңгейдегі автомобиль жолдарының бойында атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітіліп, асулар мен қауіпті учаскелерде дайындық жоғары деңгейде болғаны жөн. Қауіпті учаскелерге тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізіп, жолдардың қардан уақтылы тазаруын бақылауда ұстауды тапсырамын. Жоспарланған жұмыстар мерзімінде іске асырылмаған жағдайда басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатындығын ескертемін, – деген Нұралхан Көшеров облыстағы апатты жағдайдағы көпірлерді жедел зерделеп, жөндеуді, республикалық маңызы бар жолдардан мал өтетін арнайы өткелдер ашуды тапсырды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ресми инстаграм парақшасынан

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

bastynews

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ КЕЛДІ

Bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН 4 ТРЛН.ТЕҢГЕДЕН АСЫРЫП, РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

bastynews