Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінде жаңа ауыз су жүйесі іске қосылып, тұрғындар сапалы және қауіпсіз сумен қамтамасыз етілді. Бұл ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы маңызды қадам болып отыр.

Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, аудан прокуроры Әмір Қабдырахманов, ауыл ақсақалдары, белсенді азаматтар және тұрғындар қатысты. Аудан басшылары жаңа жүйенің елді мекен тұрғындарының денсаулығы мен өмір сапасын жақсартудағы маңыздылығын атап өтті.

Жоба «Exclusive Project company» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Жұмыс аясында:

  • 11 560 метр су құбыры тартылды;
  • 65-тен астам отбасы таза ауыз сумен қамтылды;
  • 2 дана су ұңғымасы, жалпы ұзындығы 1250 метр қазылды;
  • Су сорғы станциясының жаңа имараты салынды.

Аталған нысан мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды. Бұл жобаның арқасында ауыл тұрғындары тұрақты түрде сапалы ауыз суға қол жеткізіп, тұрмыс сапасы артты. Жоба сонымен қатар ауылдың экологиялық ахуалын жақсартып, су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Отырар ауданындағы 38 елді мекеннің барлығы орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын айқындайды. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да ауылдарды сумен қамтамасыз ету, жаңа нысандар салу және қолданыстағы жүйелерді модернизациялау жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жоба ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудағы нақты қадам ретінде бағаланып отыр.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен жас буынға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су ресурстарын үнемді пайдалану, құбыр мен сантехниканы дұрыс пайдалану бойынша ережелер жеткізілді. Ауыл жастарының қатысуымен өткізілген сенбіліктер мен санитарлық шаралар тұрғындардың белсенділігін арттырып, ауылды абаттандыруға қосымша үлес қосты.

Бұл нысанның іске қосылуы арқылы Отырар ауданында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауылдық елді мекендерді заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын нақты көрсетеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

bastynews

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

bastynews

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ИДЕОЛОГИЯ – ҰЛТТЫҢ ҰСТЫНЫ

Bastynews