Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРАТЫН 20 ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысында импортты азайту және өңірлік өндірісті дамыту мақсатында 20 ірі жоба іске асырылады. Бұл жобалар жыл сайын шамамен сырттан келетін 53 млрд теңгенің өнімін жергілікті тауармен алмастыруға мүмкіндік бермек. Бұл туралы өңір әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

Сонымен қатар, Өзбекстанмен шекаралас аумақта құрылған 100 гектарлық Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы – өңірдің жаңа экономикалық драйверіне айналады. Бұл жобаға 185 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған және мыңнан аса маман тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Орталық аймаққа өндірістік, логистикалық және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласында да жүйелі даму байқалады. Мақта, жүгері және ет бағытындағы кластерлер жүйелі іске қосылып, өнімділікті арттыруға бағытталған. Биыл мақта алқаптарында жаңа технологияларды енгізудің арқасында өнімділік 45 центнерге дейін жетті. Бұл технологиялық жаңалықтар шаруаларға табысын арттыруға және экспортқа бағытталған жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Жаңа өндіріс желілері мақта өсіруден бастап – жіп, мата және дайын тоқыма өнімдерін шығаратын толық өндірістік циклді қамтиды. Бұл бастама өңірдің ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсібін жаңа деңгейге көтеріп, Түркістанды еліміздегі жетекші тоқыма орталықтарының біріне айналдырады. Сонымен қатар өңірлік ет кластері мал шаруашылығын дамытуға, өңделген ет өнімдерін нарыққа шығару арқылы экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі:
– Ауқымды жоспардың бірі – мақта кластерін іске қосу және ет кластерін дамыту. Жалпы, осы аталған үш негізгі кластерді толық іске қосқаннан кейін, өңірлік өнім көлемін арттыруға мүмкіндік туады. Егер былтыр өңірдің жалпы өнім көлемі 4,2 трлн теңге болса, 2026 жылдың қорытындысы бойынша біз оны 6 трлн-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, жұмыс орындарын көбейтуге және экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.

Осы жобалар арқылы Түркістан облысы импортқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп салаларында жаңа өндірістік әлеует қалыптастырады. Жобалардың іске асуы өңір тұрғындарына тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, инвестициялық климатты нығайтады, сондай-ақ ұлттық экономикаға маңызды үлес қосады.

Қатысты жаңалықтар

Тісті кімдер тегін емдете алады?

Bastynews

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

Bastynews

Таразда аялдамада болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Bastynews