Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Аудан әкімі Мадияр Оразалиев осы салада аянбай еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», – деп, бұл салаға ерекше мән беріп келеді. Сондықтан өнімділікті арттыру және жаңа технологияларды енгізу бағытында Қытай, Түркия және Австралия мемлекеттерінің оң тәжірибелерін қолдануымыз қажет. Табиғаты қолайлы, еңбек күші мол ауданымызда бұл саланы дамытуға барлық жағдай бар. Заман талабына сай өрлеу үшін ауқымды жоспарлар түзіп, биік межелер белгілеп отырмыз. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,2 есеге арттыруға күш саламыз, – деді аудан әкімі.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласында Сайрам ауданы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ауылдық округтер марапатталды:

  • I орын – Қарабұлақ ауылдық округі
  • II орын – Қарасу ауылдық округі
  • III орын – Манкент ауылдық округі

Сонымен қатар ауданның ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Озаттар», Құрмет грамоталары және «Үздіктер» номинациялары бойынша марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Айта кетейік, ауданда 9 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді, бұл облыстық көрсеткіштің 10 пайызын құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 12 пайызы Сайрам ауданында өндіріледі. Өткен жылы 10 айда 124,5 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 136,5 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, «AGRO FEST – 2025» іс-шарасында аудан «Қайта өңдеу бағытын дамытуда озат аудан» деп танылды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 7,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты. Тамақ өндірісіне 9,2 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен.

📌 Аудандағы ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы басқа маңызды жетістіктер:

  • Жергілікті шаруашылықтарға арналған заманауи техника мен құрал-жабдықтар сатып алынды, бұл өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
  • Суармалы жерлерді жаңғырту және ирригациялық жүйелерді жетілдіру арқылы ауыл шаруашылығының тұрақтылығы қамтамасыз етілуде.
  • Жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторлар тартылып, қайта өңдеу саласындағы жаңа кәсіпорындар ашылуда, бұл өңірлік еңбек нарығына қосымша жұмыс орындарын береді.
  • Органикалық және экологиялық таза өнімдерді өндіру бойынша пилоттық жобалар іске қосылды, бұл халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігін арттырады.

Осы жұмыстар нәтижесінде Сайрам ауданы ауыл шаруашылығында тұрақты өсім мен инвестициялық тартымдылық көрсетіп, облыстың жалпы экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Bastynews

Ауыл шаруашылығы саласындағы ахуал тұрақты

bastynews

В ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ В ШЫМКЕНТЕ ТОРЖЕСТВЕННО ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ

Bastynews