Санатталмаған

Келес даласы жасыл желекке бөленеді

Еліміздің солтүстік аймақтарында қытымыр аяз өз дегенін көрсетіп жатқан болса, оңтүстік өңір, атап айтқанда Келес даласына көктемнің шуағы шашылып, табиғат ана өзінің жылы желімен жергілікті тұрғындардың көңілін шат-шадыманға бөлеуде. Қысқы шілдеден аман шыққан өңіріміз, бүгінде көгалданудың көкжиегіне айналу межесін бастап жіберді. Тұңғыш Елбасымыздың Жарлығымен өз алдына дербес аудан болып құрылған Келес ауданының орталығы – Абай ауылында ағаш егу науқаны бастау алды. Аудан әкімінің өткен жылды қорытындылап, есеп беру кездесуінде халыққа айтқан сөзінде, биылғы жылы аудан орталығы сонымен қатар, ауданға қарасты 11 ауылдық округте абаттандыру жұмыстары жанданатындығын жеткізген болатын. Айналаны абаттандыру – белгілі бір құрылыстық ғимараттың аумағын,айналасын эстетикалық және практикалықталғамдарға сәйкес көркейту, жайландыру болыптабылғанымен, көгалдандыру жұмыстары абаттанудың басты айғағы болып табылады. Осы мақсатта бүгін, Абай ауылының орталық көшелері, атап айтсақ, Т.Рысқұлов және Д.Қонаев көшелерінің бойына 500 түп можжевельник көшеті мен 500 түп плакучий тутовник көшеттері егілуде. Одан бөлек былтырғы жылы аудан орталығында орналасқан көше жиектеріне ағын су жүретін, арнайы арықтар қазылған болатын. Ағымдағы жылы ауыл билерінің ұйымдасуымен сол арық бойларына 200 түп қара тал, тұт, терек сынды ағаштардың көшеттері қондырылды. Жалпы бұдан бөлек, 2236 түп жеміс ағаштары мен қатар, ауылдың келбетіне көрік беретін көшет түрлері егілу жоспарлануда.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру