Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ХАБЫ

Түркістан – тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани орталығы. Соңғы жылдары қала мен өңір халықаралық туристік бағытқа айналып, Түркия, Қытай, Иран, Жапония сияқты елдерден келетін туристер саны артып келеді. Бұл жағдай облыстың туристік тартымдылығын арттырып, шетелдік туристерді тарту бағытында жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік беруде.

Шетелдік туристерді тарту мақсатында Түркістан облысы басқармасы бірқатар туроператорлармен жұмыс жүргізуде. Мысалы, Parmida Seir Pars туроператоры 7 күндік All Inclusive турпакеттерді Rixos Aktau қонақ үйімен және Өзбекстанның Самарқанд, Бұхара, Ташкент бағыттарымен үйлестіріп, ағымдағы жылы 3000-4000 иран туристерін облысқа жеткізуді жоспарлап отыр. Туристік бағдарламада Түркістан қаласына 2-3 күндік тур пакеттер енгізілген. Anex Tour компаниясы да осы бағытта қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Италияның Alpin Tour, Tomiris Travel компанияларына Түркістанның туристік бағдарламалары таныстырылып, Италия нарығында сатылымға шығарылған. 2025 жылы Италиядан 24 топ (әр топта 20-25 турист) келуі жоспарланып отыр. Орталық Азия елдеріне бағытталған Жапонияның All Season Travel компаниясы арқылы ағымдағы жылға 15 топ жапондық турист тартылды.

Туризмнің спорттық бағыты да қарқынды дамуда. Облыста елімізде аналогы жоқ «Есу каналы» салынуда. Бұл канал ТМД елдерінде тек Мәскеу мен Самарқандта ғана бар және оның сулары жыл бойы қатып қалмайды. Түркістан қаласында 11,8 гектар жерге аквапарк пен вилла аймақтары бар бес жұлдызды қонақ үй салу жоспары жүзеге асырылуда. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау үшін 99,3 гектар аумақта «Ипподром» нысаны салынбақ, жобаның құны 10 млрд теңге. Сонымен қатар, мәдени-рухани орталықта жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда, ал Қ.А. Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығы бюджет есебінен аббаттандырылып жатыр.

Экологиялық туризм бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Сайрам-Өгем табиғи паркі, Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сырдария-Түркістан өңірлік паркінде Визит орталықтар, көру алаңдары, туристік соқпақтар және инфрақұрылымдық абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, «Қаратау» қорығында 44 шақырымдық 2 туристік маршрут, ал «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында 11 туристік соқпақ бар. 2024 жылдың қорытындысында табиғи аумақтарға келушілер саны 128,6 мың адамды құрады. Қазіргі таңда облыста 99 демалыс орны, 62 қонақ үй, 12 шипажай, 6 киіз үй, 1 аңшылар үйі жұмыс істейді.

Балалар туризмі де ерекше назарда. Біркөлік шатқалында «Робинзон» туристік лагері жұмыс істеп, балалардың туристік және спорттық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас өлкетанушылар мен туристерге арналған слеттер, фестивальдер, олимпиадалар, экспедициялар ұйымдастырылып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен экологиялық мәдениеті қалыптасады.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте отметили 30-летие Конституции торжественным мероприятием

bastynews

ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 476,9 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

bastynews

БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА 122 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

bastynews