Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА СУПЕРВИЗИЯ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облыстық балалар ауруханасының базасында елімізде алғаш рет дәрігерлер мен медбикелердің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған супервизия үйлестіру орталығы ашылды. Жаңа орталық медициналық қызметкерлерге тәжірибе алмасу, заманауи әдістерді үйрену, кәсіби стандарттарды жетілдіру және балаларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстанның 20 өңірінен келген 70-тен астам медицина маманы, сондай-ақ 6 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. Қатысушылар орталықтың заманауи материалдық-техникалық жабдықтарымен, интерактивті тақталармен, муляждармен және жоғары технологиялық медициналық аппараттармен танысты.

Супервизия үйлестіру орталығы тек Түркістан облысының емес, еліміздің әр түкпірінен келген медицина мамандарына ашық. Мұнда дәрігерлер ерте араласуды қажет ететін мәселелерді – дамудың кешігуі, есту қабілетінің бұзылуы, эмоционалдық және интеллектуалдық ерекшеліктер, сөйлеу немесе тілдік бұзылулар сияқты жағдайларды диагностикалау және емдеу тәжірибесін жинақтай алады. Орталық әрбір баланың салауатты даму әлеуетін барынша арттыруға бағытталған, және оның даму стратегиясы Қазақстан Республикасындағы ерте араласу саласындағы заманауи инновациялық әдістерге негізделген.

Жаңа орталықта мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған тренингтер, мастер-класстар, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік семинарлар тұрақты түрде өткізіледі. Сонымен қатар, орталық медициналық зерттеулер мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, кәсіби қауымдастықты күшейтуді көздейді.

Бұдан бөлек, орталық халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамытуға және шетелдік тәжірибені енгізуге ниетті. Бұл бағыттағы іс-шаралар Қазақстандағы балалар медицинасының сапасын халықаралық деңгейге көтеруге, жаңа диагностикалық және терапевтік әдістерді енгізуге септігін тигізеді.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының басшылығы жаңа орталықтың ашылуы өңірде балаларға арналған кешенді медициналық көмек көрсету жүйесін дамытуға және балалардың денсаулығын нығайтуға айтарлықтай серпін беретініне сенім білдірді. Жобаның негізгі мақсаты – медициналық кадрларды үздіксіз оқыту арқылы балаларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру және аймақтағы балалардың денсаулығы мен дамуын қамтамасыз ету.

Орталықтың ашылуы – өңірдегі медициналық инфрақұрылымды жетілдіру, балаларға арналған заманауи медициналық көмек көрсету, сонымен қатар дәрігерлер мен медбикелердің кәсіби деңгейін көтеру бағытындағы маңызды қадам болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Желіге тараған видеодағы төбелесқұмар адам шымкенттік шенді ме (видео)

Bastynews

Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» – жауапты басқарма мәлімдеме жасады

Bastynews

В ЭТОМ ГОДУ ШЫМКЕНТСКОМУ ГОРОДСКОМУ ГОСУДАРСТВЕННОМУ АРХИВУ – 29 ЛЕТ

Bastynews