Санатталмаған

АУДАН ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

AzatMedia. Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт 23-маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында көп жылдар бойы елмен етене жүріп, мемлекеттік қызмет саласында ел игілігі мен мемлекет мүддесі жолында абыройлы еңбек етіп, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, ұлтаралық ынтымақтың сақталуына өлшеусіз үлес қосып жүрген белсенді және зейнет жасына жақындаған қызметкерлерді арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында аудан басшасы әр саланың майталмандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады.
Сондай-ақ, шара барысында жаңадан мемлекеттік қызметке орналасқан азаматтардың ант қабылдау рәсімі өтті.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және аудан аумағында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жергілікті атқарушы орган саласында 228 мемлекеттік қызметкер жемісті еңбек етуде. Соның ішінде 58-і әйел азаматы.

Айта кетерлік, шара барысында коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатындағы барлық сақтық шаралары қатаң сақталды.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

🏠 Меншікті қорғау – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы.

bastynews

Пікір қалдыру