Санатталмаған

«МЕДИЦИНА ЖАНЫҢЫЗДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте «Қала күні» мерекесіне орай, «Медицина жаныңызда» атты акция басталды, деп жазады Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia ақпараттық агенттігі.

Аталған шарада білікті дәрігерлерден құралған медициналық керуен эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, қала шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуде.

Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті тұрғындарға карантин кезінде созылмалы ауруды асқындырып алмауды және коронавирустан қорғану жөнінде кеңес беруде.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралауын алдын алу және түсіндіру жұмыстары кезінде медицина мамандары қоғамдық көліктерде де жолаушылардың дене қызуын өлшеп, карантиндік талаптарды ұстауға шақырды.

Айта кетейік, 17-19 маусым аралығында «Медицина жаныңызда» акция аясында мамандар қаланың шетіндегі елді мекендерге және ерекше күтімді талап ететін науқастардың үйіне барып та медициналық көмек көрсетеді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

🏠 Меншікті қорғау – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы.

bastynews

📌 ЖАСТАР АРАСЫНДА ПСИХОПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ҮНПАРАҚ ТАРАТУ ЖҰМЫСТАРЫ

bastynews

ХҚТУ-ДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КӘСІБИ БАҒДАР ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру