Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 17 ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЫСАНДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ТАРТЫЛДЫ

Түркістандағы 17 тарихи-мәдени нысанды қайта жаңғырту жұмыстарына шетелдік ғалымдар да тартылуда.

Мәдениет және өнер істері департаменті басшысының айтуынша, ағымдағы жылы еліміздегі 240 республикалық және халықаралық деңгейдегі ескерткіштің 47-сінде жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Түркістан қаласында 17 тарихи-мәдени нысанда қайта жаңғырту және археологиялық жұмыстар қолға алынған. Бұл жұмыстарды атқару үш жылға жоспарланып, 2019-2021 жылдарға бөлінген.

«Қожа Ахмет Ясауи кесененің күмбезінде, Рәбия Сұлтан бегім мен сегіз қырлы кесенелерде, шығыс моншасы сияқты бірқатар нысандарда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, хан ордасы мен хан мешіті орналасқан Жеті ата қақпасы мен кесенені жалғайтын магистралды көшеде және Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға қаржы тек мемлекеттің бюджетінен ғана емес, демеушілер есебінен де қарастырылып отыр. Мәселен, Күлтөбе қалашығында демеушілердің қолдау көрсетуімен 9 га жерде қазба жүргізілсе, биыл сол жерден табылған ескерткіштерді сақтап қалу мен қорғау яғни консервациялау, реставрациялау қолға алынды. Қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстаннан ғана емес, шетелдік ғалымдар да тартылуда. Кесенені бүлдіріп алмай сақтап қалу үшін әр жұмысты ғылыми-әдістемелік кеңестің алдына қоямыз және ғалымдармен де кеңесіп отырамыз»,- деді Күміс Сейітова.

Түркістандағы 17 тарихи-мәдени нысанды жаңғыртуға шетелдік ғалымдар тартылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы 17 тарихи-мәдени нысанды қайта жаңғырту жұмыстарына шетелдік ғалымдар да тартылуда. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің департамент басшысы Күміс Сейітова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және өнер істері департаменті басшысының айтуынша, ағымдағы жылы еліміздегі 240 республикалық және халықаралық деңгейдегі ескерткіштің 47-сінде жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Түркістан қаласында 17 тарихи-мәдени нысанда қайта жаңғырту және археологиялық жұмыстар қолға алынған. Бұл жұмыстарды атқару үш жылға жоспарланып, 2019-2021 жылдарға бөлінген.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысындағы тағы бір үлкен жаңалық 88 га аумаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны болып отыр. Бұл жұмыстарды әзірге Түркістан қаласы әкімдігі атқаруда.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ПОЯВИЛСЯ УМНЫЙ ПЕШЕХОДНЫЙ ПЕРЕХОД

Bastynews

Жыл басынан бері зейнеткерлерге 1,8 триллион теңгеден астам зейнетақы төленген

Bastynews

Мешіттер қашан ашылады?

Bastynews