Соңғы жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ АЙШЫҚТЫ ДА КӨРНЕКТІ ЖЕРЛЕРІН НАСИХАТТАУДА СЫРТҚЫ ТУРИСТЕРДІ ТАРТЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ІСІ ДЕ БИЫЛ ПАНДЕМИЯҒА ҚАРАМАСТАН НӘТИЖЕЛІ БОЛДЫ

Мәселен, 1-10 маусым аралығында «Хабар 24» телеарнасында жүргізілетін «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы Түркістан қаласында орналастырылды. Бағдарлама жүргізушілерін өлкеміздің туристік объектілерімен таныстырып шықтық. Осы аталған жобаның аясында 7 шығарылымды қамтитын материал түсіріліп, «Хабар 24» телеарнасында бір ай көлемінде көрсетілді, – деді облыстық Туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиева.

Оның айтуынша, бұдан басқа 24-30 маусым күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысымен «EXPO» аумағындағы «Летающий кинотеатр» аттракционына орналастыру мақсатында ұйымдастырылған «Полет над Казахстаном» атты теледидарлық жобасының облыс аумағындағы түсірілімі жүргізілген.

Сондай-ақ, осы маусым айында «SCAT» Әуе Компаниясының Aspan борт журналына Түркістан облысы жайлы модульдік жарнама жарияланды. Туристерді қызықтыру үшін басқа да облыстардың аумағында орналасқан қонақ үйлер мен демалыс орындарында жарнама материалдарын орналастыру және туристік объектілерді жарнамалау шаралары жүргізілді. Сovid-19 пандемиясынан сақтану жолдары жайлы жазылған жадынама  әзірленіп, 500 туристік нысан мен ұйымға таратылды.

Сонымен қатар, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде белсенді түрде жұмыс жүргізіліп, аудиторияны туристік объектілермен таныстыру мақсатында жұмыстар жасалуда. Оған қоса, өзге облыстардың ақпараттық орталықтарымен бірлесе жұмыс жүргізу барысында басқа өнірлердің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына облыс аумағындағы объектілерді өзара жарнамалау жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта бізде Түркістан облысының көрікті жерлерін жарнамалау мақсатында әр аудандарда орналасқан туристік нысандар бойынша «Онлайн-саяхат» жобасының түсірілімі жүргізіліп жатыр. Жобаның осы уақытқа дейін бірнеше бөлімі жарық көрді. Айталық, Бәйдібек ауданы, Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі жайлы, Отырар және Ордабасы аудандары, Байжансай, Сауран қалашығы,  Ащысай, Созақ ауданы т.б. түсірілімдер әлі де жалғасуда. Түсірілім нәтижелерін апта сайын әлеуметтік желідегі парақшаларға шығарып отырамыз. Роликтер әлеуметтік желілерде жалпы 20 мың оқырманға көрсетілді, – деді туризм басқармасының басшысы Г.Ахбердиева.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желідегі парақшаларда оқырмандарды  көбейту және қызығушылықтарын арттыру үшін конкурстарға арналған «Turkistan Tourism Center» имидждік сыйлықтары әзірленуде.

Түркістан облысының туристік әлеуетін  өзге де облыстарға таныту үшін және өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында Түркістан өңірін дәріптеуге арналған жарнамалық материалдарды ШҚО, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Петропавл облыстарындағы жарнамалық орындарға орналастыру бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

Ал 22 қыркүйекте Орталықтың қолдауымен «Отандастар қоры» шетелде тұратын этникалық қазақ жастарымен байланыс орнату мақсатында «Киелі Қазақстан» жобасы аясында үшінші рет Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсия өткізілді. Түркістан өңірі бойынша Отырар ауданы және Түркістан қаласындағы туристік нысандардың тарихы таныстырылды.

20 қазанда киелі өңірге туристерді көптеп тарту бойынша «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты үлкен басқосу болып өтті. Оған ҚР салалық туризм басқармаларының, қауымдастықтардың, Ұлттық компаниялардың және т.б. өкілдері қатысты. Семинар-кеңес барысында Түркістан облысының туризмін республикалық деңгейде дамуы кеңінен талқыланды. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша Жамбыл, Атырау, Маңғыстау т.б. облыстармен туризм саласындағы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 20-21 қазанда ақпараттық тур ұйымдастырылып, Түркістан қаласындағы жаңа нысандар мен Отырар ауданындағы туристік нысандар таныстырылды.

Жуырда Кентау қаласының аумағындағы Қарнақ елді мекенінен 6-8 ғасыр мен 12-14 ғасырларға тиесілі діни рәсім жасалған көне бассейннің орны табылды. Ендігі кезекте, бұл орын да туристердің қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз.   

Қатысты жаңалықтар

МАҚСАТ – ӨЗАРА ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРДІ АЛМАСУ

Bastynews

ГАРАНТИРОВАННЫЕ СОЦПАКЕТЫ МОЖНО ПОЛУЧИТЬ В ТОРГОВОМ ДОМЕ «GRAMAD»

Bastynews

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 2 МЫҢНАН АСА АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Bastynews