Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жастармен Birge» атты гала-концерт өткізілді. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, жергілікті жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық ҚХА мүшелері, мәдениет саласы қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Шара барысында Ертай Алтаев жастарды мерекемен құттықтап, Түркістан облысында 671 мыңнан астам жас тұратынын, бұл көрсеткіш облыс халқының 30%-дан астамын құрайтынын атап өтті. – «Түркістан – нағыз жастардың өңірі! Біздің облыста жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, білім беру және мәдени-спорттық әлеуетін дамыту бағытында нақты шаралар қабылдануда. 2025 жылдың өзінде 22 мыңнан астам жас мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау алды, ал 800 жуық жас «Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстік өңірлерде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Түркістан жастары тек республика деңгейінде емес, халықаралық алаңдарда да табысты өнер көрсетіп келеді. Бұл – сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен ұмтылыстарыңыздың жемісі!» – деді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыс етті. Бұл – жастардың жетістіктерін атап өту, олардың қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру және әлеуметтік белсенділігін ынталандыруға бағытталған нақты қадам.

Гала-концертте жергілікті өнерпаздар мен жастар арасындағы танымал әншілер өз өнерлерін ортаға салып, әндер мен би нөмірлері арқылы жиналған қауымға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара барысында жастардың шығармашылық әлеуеті, өнердегі дарындылығы, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттау жолындағы белсенділігі кеңінен дәріптелді.

Айта кетсек, мерекелік шараның негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси, мәдени және әлеуметтік өмірде белсенділігін ынталандыру, олардың жетістіктерін атап өту және қолдау арқылы қоғамдағы рөлін нығайту. Сонымен қатар, шара жастардың патриоттық сезімін оятып, елдің дамуына өз үлесін қосуға деген ынтасын арттыруға бағытталған.

Іс-шара соңында жас өнерпаздардың қатысуымен гала-концерттің арнайы номерлері көрсетіліп, жастарға арналған ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, белсенді жастарға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етіліп, мереке қорытындысында қатысушылар естелік суретке түсіп, көңіл көтеру сәтін бірге өткізді.

Бұл мерекелік шара Түркістан жастарының қоғамдағы белсенді рөлін арттыруға, олардың шығармашылық және кәсіби дамуына серпін беруге, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-мәдени өмірін жандандыруға бағытталған маңызды оқиға ретінде есте қалды.

Қатысты жаңалықтар

The Different Types of Saving and Investment Bond Explained

Bastynews

Жаңа әліппенің қашан қолданысқа енетіні белгілі болды

Bastynews

Жиналғандарға дөрекілік танытқан әкім сынға ұшырады

Bastynews