Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Достық үйінде Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Қазақстанның оңтүстігінің тарихында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті. Шараға Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Қазақстанның бірнеше өңірінен танымал тарихшылар, архив саласының мамандары, педагогика ғылымының өкілдері мен жас зерттеушілер оффлайн және онлайн форматта қосылып, өзара тәжірибе алмасып, ғылыми пікір алмасу алаңын құрды.

Конференция аясында Түркістан облыстық мемлекеттік архиві дайындаған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мұра, тарихқа тағзым» атты көрме көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрмеде майдан даласынан келген хаттар, фотосуреттер, әскери бұйрықтар, марапат қағаздары, тыл еңбеккерлерінің құжаттары және соғыс жылдарындағы тұрмысты сипаттайтын сирек материалдар ұсынылды. Бұл деректер жас ұрпақты ел тарихын тереңірек түсінуге, өз өткеніне құрметпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты ауқымды құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. Жинақта өңірдің әскери-өнеркәсіптік әлеуеті, майданға жіберілген жауынгерлер саны, олар туралы архивтік анықтамалар, эвакуацияланған кәсіпорындар туралы мәліметтер және соғыс жылдарындағы ауыл шаруашылығының рөлі кеңінен қамтылған.

Спикерлер баяндамаларында Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудің тарихи ғана емес, рухани-мәдени маңызы зор екенін алға тартты. Аймақ халқының соғыс жылдарындағы табандылығы, ұйымшылдығы, тылдағы қажырлы еңбегі және майдангерлердің ерлік жолы – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті. Сонымен бірге, конференцияда өңірден шыққан батырлар, олардың ерліктері, соғыс операцияларына қатысуы туралы тың материалдар ұсынылды.

Жиында патриоттық тәрбие берудің жаңа бағыттары, тарихи сананы жаңғырту, архив материалдарын цифрландыру, отандық әскери тарихқа арналған ғылыми жобаларды қолдау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері де талқыланды. Ғалымдар бұл шараның тек өткенді еске алу ғана емес, жас буынға елін сүю, тарихын құрметтеу құндылықтарын сіңіруге бағытталған маңызды платформа екенін жеткізді.

Конференция соңында қатысушылар ғылыми ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге келіп, болашақта бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру жөнінде жоспарлар белгіледі.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕГІ «ФОСФОР» АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР РЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Bastynews

ТҮРКІСТАН: ДАРЫННЫҢ ДАРАБОЗДАРЫ ҮМІТТІ АҚТАДЫ

Bastynews