Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҰЛТТЫҚ ЖОБА» АЯСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ҮШІН 164 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ

Түркістан облысында инфрақұрылымдық жүйелердің сапасын арттыру және өңірдің коммуналдық саласын жаңғырту мақсатында «Ұлттық жоба» аясында 164 миллиард теңгеге жуық қаржы бағытталмақ. Бұл туралы өткен брифинг барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов жан-жақты мәлімет берді.

Сала жетекшісінің айтуынша, бүгінде өңірде тозығы жеткен инфрақұрылымдық желілерді кезең-кезеңімен жаңарту, заманауи энергия тиімді технологияларды енгізу және апаттық жағдайларды азайту бағытында кешенді жұмыс қолға алынған.

«Өңірде тозығы жеткен инфрақұрылымдық жүйелерді жаңғырту бойынша республикалық «Ұлттық жоба» бастамасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама арқылы инфрақұрылымдық жүйелердегі авариялар деңгейін 20%-ға, энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу көрсеткішін республика бойынша орта есеппен 40%-ға дейін төмендету жоспарланған. Жобаны қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының және екінші деңгейлі банктердің тікелей қаражаттары есебінен жүргізілмек», — деді Ақтілеу Бекмұратов.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан «Ұлттық жобаны» іске асыру үшін алдағы төрт жылда жалпы 13 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Бұл қаражат ел бойынша инфрақұрылым саласын жаңғыртуға, жаңа инженерлік жүйелерді тартуға және қолданыстағы жүйелердің сенімділігін арттыруға бағытталмақ.

Бақылау және қадағалау жұмыстары

Брифинг барысында департамент басшысы инфрақұрылым саласын бақылау бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

Биыл департамент қызметкерлері өңір аумағында жоспардан тыс 9 тексеру жүргізген. Оның 8-інде заңбұзушылықтар анықталып, тиісті нұсқамалар берілген. Ал бір тексеру бойынша жұмыс әлі жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері департамент тарапынан 79 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде:

  • 48 хаттама бойынша құқықбұзушыларға жалпы 33 461 410 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның 14 628 824 теңгесі бюджетке өндірілген;
  • Айыппұлдың қалған сомасы сот орындаушыларының өндірісіне берілген;
  • 31 хаттама сотта қаралып, оның 17-сі бойынша сот шешімімен 11 780 272 теңге айыппұл белгіленген;
  • Қалған 14 хаттама бойынша сот процесі жалғасуда.

Ақтілеу Бекмұратовтың айтуынша, департамент халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, тарифтердің негізділігін бақылау және саладағы ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермек.

Жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді

Мамандардың пікірінше, аталған қаржының бөлінуі Түркістан облысының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын түбегейлі жаңғыртуға мүмкіндік береді.

«Ұлттық жобаның» жүзеге асуы Түркістан өңірінің заманауи, қауіпсіз әрі орнықты инфрақұрылымдық жүйелерге кезең-кезеңімен көшуіне негіз болмақ.

Қатысты жаңалықтар

«БЗЖҚ біріккен тұста өте қызық жағдайда 90 млрд теңге жоғалып кетті» – қоғам белсендісі дабыл қақты

Bastynews

Елбасы праймеризде дауыс берді

Bastynews

«Сөзіңе жауап бересің» – әкім сапасыз жол проблемасын айтқан блогерді жауапқа тартпақ

Bastynews