Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 11,7 МЛРД ТЕҢГЕЛІК 29 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті ұлғайту және аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асып жатқан «Өрлеу» бағдарламасы нақты нәтижелерін көрсетуде. Биылғы жылдың өзінде бағдарлама аясында жалпы құны 11,7 млрд теңгені құрайтын 29 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл – өңірдегі шағын және орта бизнес үшін тың серпін, жаңа жұмыс орындары мен жаңа өндіріс алаңдарының ашылуына негіз болып отыр.

Аталған жобалардың әлеуетін БАҚ өкілдері арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында көзбен көріп, жұмыс барысымен жан-жақты танысты. Бір күндік сапар өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорындарды аралауды қамтып, олардың өндірістік қуаты мен даму қарқынын паш етті.

«QazEcoPack»: сапалы стрейч-плёнка өндіретін заманауи кәсіпорын

Баспасөз туры алдымен өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан «QazEcoPack» кәсіпорнынан басталды. Мұнда өндірісте, тұрмыста және логистика саласында кеңінен қолданылатын жабысқақ лента мен жүк орайтын стрейч-плёнка шығарылады.

Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты – 1 200 тонна өнім. Бұл – тек облыс сұранысын ғана емес, республикалық әрі экспорттық нарықты қамтуға мүмкіндік беретін көлем. Өнімнің артықшылығы — сапасы, беріктігі және әмбебаптығы. Өндіру барысында экологиялық таза шикізат пен халықаралық стандарттарға сай технологиялар қолданылады.

Компания өкілдерінің айтуынша, өндіріс желісі толық автоматтандырылған. Бұл өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстап, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашады.

Сапар одан әрі Түлкібас ауданындағы «Beibars Bottlers» ЖШС-ның жаңа өндіріс алаңында жалғасты. Бұл зауыт бүгінгі таңда газдалған, газдалмаған сусындар, табиғи шырындар және минералды су өндіреді. Ең бастысы — кәсіпорын әлемге танымал «RC Cola» брендінің ресми өндірушісі саналады.

«ALTYN NAN»: тәулігіне 500 тонна ұн өндіретін ірі диірмен кешені

Баспасөз туры аясындағы соңғы нысан — жылдық қуаты бойынша өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «МК ALTYN NAN» ЖШС болды. Кешен құрамында екі диірмен және 105 мың тонналық элеватор бар. Бұл астықты қабылдап, өңдеп, ұзақ мерзімге сақтауға толық мүмкіндік береді.

Зауыттың тәуліктік қуаты — 500 тонна жоғары сапалы ұн. Өндіріс барысында дәстүрлі тәсілдер мен заманауи технологиялар үйлесім тауып, бидайдың барлық қасиеттері сақталады. Кәсіпорын бүгінгі күні жоғары, бірінші және екінші сорттағы ұн өндіруде тұрақты сұранысқа ие брендке айналды.

Компания алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтып, экспорт бағытында дамуды жоспарлап отыр. Бұл Түркістан облысының ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыруға үлкен үлес қоспақ.

Қатысты жаңалықтар

Желтоқсанда жаппай вакцина салуды бастайды

Bastynews

«Қазақ билігінің Боратты сотқа беруге батылы жетпей отыр» – өзбек басылымы

Bastynews

Өзінің құлағын, мұрнын кесіп тастаған (Фото)

Bastynews